homepage
Фото: Instagram

Қарағандыда қазақтарға тіл тигізген Алика Мухамадиеваның соты басталды

14.10.2025, 15:00

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мухамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы өтті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады,

Іс 3 қазанда сотқа түскен. Айып Мухамадиеваның әлеуметтік желі Threads-тағы жазбаларына байланысты ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша тағылған. Прокурор процесті жабық өткізуді сұрағанымен, судья ашық жүргізу туралы шешім қабылдады. 

Сотта Мухамадиева өз әрекетіне өкініп, қоғамнан, әсіресе мұсылмандардан кешірім сұрады. Ол жазбалардың эмоционал дағдарыс кезеңінде жарияланғанын айтты. Шілдеден бері қамауда, 86 күн тергеу изоляторында отырғанын және кішкентай қызы барын жеткізді. 

Қорғаушысы айыпталушының кінәсін мойындауы мен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде атап, бас бостандығынан айыруға балама жаза тағайындауды сұрайтынын мәлімдеді. Сот тергеуі аяқталып, келесі отырыс 18 қазанға белгіленді.