homepage
Фото: Ашық дереккөзден

45 мың қазақстандықтың 180 млрд теңге берешегі кешірілді

14.10.2025, 15:44

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы бүгінге дейін 45 200 азамат банкрот деп танылып, олардың жалпы 180 млрд теңге берешегі толық есептен шығарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Вице-министр мәліметінше, банкрот деп танылғандардың қатарында несиесін бес жылдан аса өтей алмаған 13 мыңнан астам азамат бар. Сонымен бірге әлеуметтік есепте тұрған, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2,5 мың адамның да берешегі кешірілді.

Біржановтың сөзіне қарағанда, соттан тыс банкроттық рәсімі толық автоматтандырылған, сондықтан үрдіске «адам факторы» ықпал етпейді. Бұл құрал азаматтардың қарыз жүктемесін жүйелі шешуге мүмкіндік беріп отыр.