Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол 1977 жылдың 2 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Кейін Ұлттық ғылыми медицина орталығында, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтында, Алматы менеджмент университетінде және Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы академиясында оқыды. Стэнфорд университетінде және Сингапур, Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде тағылымдамадан өтті.
Ғылыми және кәсіби дәрежелері: медицина ғылымдарының кандидаты (PhD), құқық бакалавры (LLB), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA).
Еңбек жолында эндоскопист-дәрігер, аға ғылыми қызметкер, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарды.
2020–2021 жылдары Денсаулық сақтау министрі болды.
2022 жылдың 31 қазанынан бері Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметін атқарды.