homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Өзбекстан 2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде Қазақстанды басып озды

14.10.2025, 13:07

Жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index, GII) 2025 жылғы жаңартылған тізімінде Қазақстан 81-орынға 26,3 балмен тұрақтады, Өзбекстан 79-орынға 26,5 балмен көтеріліп, Қазақстаннан озып тұр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Аймақтар бойынша Армения алда — 59-орын (30,5 балл), Ресей 60-орында (30,3 балл). Қазақстанның ең мықты көрсеткіштері «инфрақұрылым» және «адам капиталы мен зерттеулер» субиндекстерінде — тиісінше 64-ші және 68-ші орын, «институционалдық ортада» 77-орынға жайғасты. Әлсіз тұстар — «нарық дамуы» (93-орын) мен «білім және технологиялар» (87-орын). 

GII-2025 жаһандық көшбасшылар қатарында Швейцария, Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур бар. Қытай алғаш рет үздік ондыққа енді. Ranking.kz шолуы Орталық Азияда соңғы бес жылда Қазақстанның 77–83 орын аралығында «тұрақтылық» үлгісін көрсетіп келе жатқанын, ал Өзбекстанның біртіндеп жоғарылап, биыл аймақтық бәсекеде алға шыққанын атап өтеді.