homepage
Фото: afk.kz

Юаньның дәуірі басталды ма: Үндістан мен Ресей долларсыз мұнай саудасына көшті

14.10.2025, 09:37

Үндістан Ресей мұнайын юаньмен сатып алуға көшті. Сарапшылардың айтуынша, бұл – Батыстың Мәскеуге салған санкцияларынан айналып өтудің тиімді амалы, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Reuters» агенттігінің дерегіне сәйкес, бастапқыда тараптар есеп айырысуды рупиймен жүргізген, алайда бұл Мәскеу үшін операциялық қиындықтар туғызды. Сондықтан қазір төлемнің басым бөлігі қытай юанінде жүзеге асып жатыр. Сарапшылар юаньның рубльге айырбасталуы оңай болғандықтан, оны Ресей үшін ыңғайлы нұсқа деп санайды.

2025 жылдың екінші тоқсанында ресейлік мұнайдың 31,4 пайызы Үндістанға жөнелтілді. Бұл көрсеткіш Үндістанның Ресеймен сауда байланысын күшейтіп қана қоймай, әлемдік мұнай нарығындағы долларсыздандыру үдерісін де жылдамдатып отыр. Соңғы айларда мұнай нарығының бірнеше ірі ойыншысы есеп айырысуда балама валюталарды қолдана бастағанын сарапшылар растап отыр.