homepage
Фото: Ашық дереккөзден/ көрнекі сурет

Ақсуда 291 млн теңгені жымқыру ісі бойынша үкім шықты

14.10.2025, 09:01

Ақсу қаласының ауданаралық соты бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін екі адамды 7 жылға соттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Үкім 2025 жылғы 3 қазанда жарияланды. Сотталғандар — қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер.

Тергеу 2024 жылы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қатысты орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз рәсімделгенін анықтады. Мемлекетке келтірілген залал 290 млн теңгеден асты.

Іс қоғамдық назарда өтті, процеске мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.