homepage
Фото: Instagram

Перизат Қайратқа түрмеде тігінші болу ұсынылды

13.10.2025, 15:47

Алаяқтық және ақша жымқыру ісі бойынша 10 жылға сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан колонияда тігін цехында жұмыс істеуі мүмкін деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтың айтуынша, Перизат Қайраттың жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Егер оның бұл салада тәжірибесі жеткіліксіз болса, арнайы курстардан өтіп, тігінші мамандығын игере алады. Комитет өкілдері сотталғандардың еңбекақысы шамамен 85 мың теңге болатынын айтты.

Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот шешімі бойынша олардың мүлкі тәркіленіп, келтірілген залалды өтеу міндеттелді.