Елде инфляцияның өсуі қайта жылдамдап, 2025 жылдың қыркүйегінде 12,9 пайызға жетті. Бұл – соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Finprom.kz мәліметінше, бағаның өсуіне ең алдымен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы әсер етті. Жылу, су, жарық және газ тарифтері орта есеппен 17,4 пайызға артты. Мәселен, су беру бағасы 84,3 пайызға, кәріз жүйесі 34,6 пайызға, жылу 19,2 пайызға, ал газ 28,3 пайызға өсті.
Азық-түлік бағасы да жоғарылап, бір жылда орта есеппен 12,7 пайызға артты. Ет, май, сүт өнімдері мен импортқа тәуелді азықтар инфляцияны күшейткен негізгі тауарлар қатарында. Сонымен қатар медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек бағасының көтерілуі де инфляцияға 1,5 пайыздық үлес қосты.
Сарапшыларының пікірінше, инфляцияның негізгі себебі – өндірістік шығындардың өсуі мен сыртқы нарықтардағы баға тұрақсыздығы. Валюта бағамының ауытқуы мен алдағы салық реформаларына қатысты күтулер де кәсіпкерлердің бағаны ертерек көтеруіне түрткі болып отыр.