Соңғы екі жылда Қазақстанға келіп емделетін шетелдік науқастардың саны күрт өсті. 2023 жылы Астанада ем алған шетелдік пациенттер 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш тағы екі есеге артқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, кейінгі бес жылда елімізге келетін туристер саны бес еседен астам өскен, ал олардың ішінде медициналық мақсатпен келушілердің үлесі жылдан-жылға артып отыр. Ең көп шетелдік науқастар Қытай, Үндістан және Түркиядан келеді.
Мамандардың пікірінше, Қазақстан қолжетімді бағамен жоғары сапалы емдеу және оңалту қызметін ұсынатын аймақтық орталыққа айналып келеді. Осы бағытты одан әрі дамыту үшін Туризм және спорт министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.