homepage
Фото: "Ақтөбе" ФК инстаграмынан алынды

Ақтөбелік жас футболшы қайтыс болды

13.10.2025, 13:00

Ақтөбе футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса өмірден озды. Бұл туралы Freedom QJ League баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Лиганың мәліметінше, жас футболшының әжесі мен немере ағасы да қаза тапқан.

«Арон Мұсаның мезгілсіз қазасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Ол дарынды, еңбекқор, болашағынан зор үміт күттірген ойыншы еді. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, Арон», – делінген ресми хабарламада.

Клуб өкілдерінің айтуынша, Арон Мұса командаластары арасында өзін тәртіпті, мақсатшыл әрі сабырлы ойыншы ретінде көрсеткен. Оның қазасы ақтөбелік футбол ортасына үлкен қайғы әкелді.