homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ҚҚС өсуінің әсерінен автокөлік қымбаттай ма?

13.10.2025, 11:45

Қазақстанда қосылған құн салығының артуы ресми дилерлердегі жаңа көліктердің бағасына ықпал етіп, шамамен 4 пайызға өсіруі мүмкін, ал қаржы қызметтері салыққа жатпайтындықтан автонесиелердің құны өзгермейді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Jet Finance компаниясының тең құрылтайшысы Азамат Сейтбековтің айтуынша, баға өсімі тек жаңа көліктер сегментінде байқалуы ықтимал, ал екінші нарық пен жеке тұлғалар әкелетін көліктерге НДС қолданылмайды. Сондықтан нарықта жаппай қымбаттау болмайды, ресми сегменттегі өсім баламалы арналары бар нарықпен тежеледі. 

Сарапшы автонесиелердің қымбаттамайтынын нақтылап, алдағы жылы автокредиттеу портфелі өзге факторлардың есебінен жылына 10–20 пайызға ұлғаюы мүмкін екенін айтты. Оған мемлекеттік субсидияланған бағдарламалар, дилерлердің банктер және микроқаржы ұйымдарымен бірлескен жылдам мақұлданатын өнімдері, сондай-ақ көлік бағасының өсуіне байланысты несиеге сатып алу үлесінің артуы әсер етеді. Нарық деректері бойынша орташа автонесие чегі 8–9 млн теңгеден асты. 

LSM.kz мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында банктердің жиынтық портфеліндегі автокредиттің үлесі 15,4 пайызға жетті. Сол кезеңде автонесиелер 1,2 трлн теңге көлемінде берілді, бұл былтырғыдан 53 пайызға көп.

Орташа несие сомасы 6,3 млн теңгеден 6,7 млн теңгеге өсті, ал көлік бағалары жылдық мәнде 11,1 пайызға қымбаттады. Несиеге сатылған көліктердің үлесі 36 пайыздан 59 пайызға дейін көтерілді. Ең көп берілетін қарыздар 5–20 млн теңге диапазонында шоғырланды. 

[