Қазақстан Президентінің жарлығымен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылып, бұл лауазымға Ержан Ашықбаев тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақан Рахметуллин бұл қызметке 2024 жылғы мамырда келген еді. Ол бүгінгі шешіммен лауазымынан ресми түрде босатылды.
Ержан Ашықбаев бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды. Дипломатия саласында мол тәжірибесі бар маман ретінде ол министрліктің бірінші орынбасары қызметіне кірісті.
Сыртқы саяси ведомстводағы бұл өзгеріс қыркүйекте Ермек Қошербаевтың министр болып тағайындалуынан кейінгі кадрлық жаңартулардың жалғасы болды.