homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз бен көктайғақ күтіледі

13.10.2025, 09:00

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен түнде аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада түнде және таңертең жауын-шашын болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Түнгі ауа температурасы нөлге жақындап, күндіз +3…+5 °C шамасында болады. Павлодар мен Қарағандыда да жаңбыр мен қар араласып жауып, көктайғақ түсуі мүмкін. Түнде термометр –2…-4 °C дейін төмендеп, күндіз +1…+4 °C аралығында болады.

Ал оңтүстік өңірлерде ауа райы жылырақ сақталады. Алматыда түнде +6…+8 °C, күндіз +21…+23 °C аралығында, Талдықорғанда түнгі салқындық –3…-5 °C дейін төмендеп, күндіз +19 °C шамасында болады.

Мамандар көлік жүргізушілерін және жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырады.