Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазір қалада 128 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске (жабық).
Қала әкімдігінің мәліметінше, комиссияның жалпы құрамы – 929 азаматты құрайды. Ал сайлаушылар саны – 220 761.