homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алғашқы медициналық көмекке жыл сайын 700 млрд теңге бөлінеді

10.10.2025, 17:40

Қазақстанда аурудың алдын алу мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге жыл сайын 700 млрд теңге бөлінеді — бұл денсаулық сақтау саласының жалпы қаржысының 40 пайызын құрайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Астанада өткен республикалық форумда алдағы жылдары бұл соманы ұлғайту мәселесі талқыланды. Мамандар қосымша қаржы ауруханаларды жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдын ала тексерудің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Қатысушылар сонымен бірге біріншіқол медициналық көмекті жетілдіру арқылы аурулардың ерте кезеңде анықталуына және ауруханаға жатқызудың азаюына қол жеткізуге болатынын атап өтті. Форум қорытындысында шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар пысықталатын болады.