homepage
Фото: Zakon.kz коллажы

Қазақстан экономикалық бостандық индексінде 67-орынға орналасты

10.10.2025, 16:47

2025 жылғы рейтинг бойынша Қазақстан 63,8 көрсеткішімен 176 ел ішінде  67-орынға кіріп, «орташа бостандыққа ие» елдер тобына жатқызылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бағалау төрт негізгі өлшем — заң үстемдігі, үкімет көлемі, реттеу тиімділігі және нарықтардың ашықтығы бойынша жүргізілді.

Рейтинг нәтижесіне сәйкес, Қазақстан бюджеттің тұрақтылығы, салықтық жүктеменің салыстырмалы төмендігі және мемлекеттік шығынды басқару бойынша жоғары балл алды. Алайда заң үстемдігі (39,9) және сот жүйесінің тиімділігі (34,8) сияқты көрсеткіштер әлсіз тұр. Мүлік құқығын қорғау, инвестициялық және қаржылық бостандықтар да жақсартуды қажет етеді.

Аймақтық салыстырымда Қазақстанды Армения (57-орын) ғана басып озған, ал көршілер — Әзірбайжан (75), Өзбекстан (100), Қырғызстан (115), Ресей (135) және Тәжікстан (137) орындарында орналасты. Әлемдік көшбасшылар қатарында Сингапур, Швейцария, Ирландия мен Тайвань бар.

Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек аралығында елде экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтар 536 фактіні құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% өскені хабарланды. Жиі тіркелетін құқық бұзушылықтар — ақшаны заңдастыру, заңсыз кәсіпкерлік және қаржылық пирамидалар.