homepage
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада республикалық ақындар айтысы өтеді

10.10.2025, 16:11

Астанада 17-18 қазан күндері «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады.
Айтыс Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында өтеді.

Жыр додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізеді.
Айтыстың бас жүлдегеріне «Алтын домбыра» және демеушілер атынан Астана қаласынан пәтер, ал бірінші орынға автокөлік табысталады.