homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қарағандыда фермер 17 жылқыны атып өлтірді

10.10.2025, 14:44

Қарағанды облысының Нұра ауданы Заречное ауылы маңында шаруашылық иесі 17 жылқыны атып, олардың 14-і өлді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 28 қыркүйекте болды: жылқылар егістікке кіріп кеткенін көрген фермер көлікпен қуып жетіп, 17 жылқыны атып жіберген. Соның 14-і өліп, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Полиция «басқаның мүлкін қасақана жою» бабымен қылмыстық іс қозғап, 53 жастағы күдіктіні ұстап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жергілікті тұрғындар күдіктінің ірі жер иесі болғанына байланысты істің әділ тергелетініне алаңдаулы.