homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие сомасын ұлғайтты

10.10.2025, 09:41

Елімізде баспана бағасының қымбаттауына байланысты Ұлттық банк жеңілдетілген ипотека аясындағы ең жоғары қарыз сомасын арттырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалалары мен қала маңы аймақтарында несие шегі 25 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін көтерілді. Қарағанды қаласында ол 20 миллионнан 25 миллион теңгеге, ал басқа өңірлерде 15 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін ұлғайды.

Жаңа талаптарға сәйкес, енді қарыз алушы ипотека рәсімдеген кезде кепілгер тартуға міндетті. Кепілгердің де төлем қабілеті расталуы тиіс. Ұлттық банк бұл өзгеріс тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтіп, рәсімдеу процесін жеңілдетуге бағытталғанын мәлімдеді. Ал несие алу үшін қарыз алушының тұрақты табысы болуы – басты шарт болып қала береді.