Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азамат И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, күзетші балағат сөздер айтып, төбелес шығарған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2024 жылғы 10 қарашада Қостанай қаласында И. "Март" сауда - ойын-сауық орталығында, қоғамдық орында бола тұра, кәмелетке толмаған Т. - мен жанжал кезінде төбелес шығарып, балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған», - делінген сот хабарламасында.
СОТ ШЕШІМІ
Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен И. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«Оған 73840 теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды», - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.