Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мұнай инфрақұрылымына жасалған соққылар елдегі бензин өндірісін айтарлықтай төмендеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, соққы салдарынан жанармай жеткізу көлемі шамамен 20 пайызға азайған.
Зеленский тамыз айындағы есептерге сілтеме жасап, Ресей мұнай өңдеу қуаты кей күндері бес пайызға дейін төмендегенін айтты. Оның сөзінше, Украина бұл соққыларда өз өндірісіндегі Neptune және Flamingo зымырандарын қолданды.
Ал Мәскеу жанармай нарығы тұрақты екенін және ішкі сұраныстың толық қамтамасыз етіліп отырғанын хабарлады.