homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жезқазғанда канализация қазу кезінде жұмысшы көз жұмды

09.10.2025, 16:19

Жезқазғанда канализация тарту жұмыстары кезінде бір жұмысшы траншеяға топырақ көміліп, қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға шамамен 2 метр тереңдіктегі траншеяда болған. Жедел жәрдем келген кезде ер адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша — еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан адам өліміне әкелу дерегімен іс қозғалды.