homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Елдегі орташа жалақы белгілі болды

09.10.2025, 15:33

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы зерттеу жүргізіп, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен ел өңірлеріндегі орташа және медианалық жалақы мөлшерін есептеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда орташа айлық жалақы 410 965 теңгені құрады. Ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында — 554 480 теңге, Алматыда — 553 299 теңге, ал Астанада — 501 873 теңге. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (292 611 теңге), Жетісу облысында (300 579 теңге) және Түркістан облысында (302 056 теңге) тіркелді.

Медианалық жалақы 317 512 теңге болды. Бұл көрсеткіш бойынша Улытау облысы көш бастап тұр — 457 339 теңге. Астанада медианалық табыс 386 678 теңге, Алматыда — 377 899 теңге. Ең төмен медианалық жалақы Солтүстік Қазақстан облысында — 251 101 теңге.