Сенат Қазақстан мен Қатар арасындағы еңбек келісімін ратификациялады. Енді келесі жылдан бастап қазақстандықтар мұнай-газ саласында жұмыс істеу үшін Қатарға бара алады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Келісім бойынша жұмысшылардың құқықтары толық заңмен қорғалады. Қатар тарапы қазақстандық қызметкерлерге тегін баспана, көлік және медициналық көмек ұсынады. Сондай-ақ жыл сайынғы ақылы демалыс пен Қазақстанға ұшу шығындары да қамтылған.
Мұнай-газ саласында тәжірибесі бар кез келген азамат өтінім бере алады. Ол үшін Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ашылған орталықтарда арнайы даярлық курстарынан өту қажет.