Қазақстан халықаралық еңбек ұйымының «Минималды жалақыны белгілеу туралы» №131 конвенциясын ратификацияламақ. Бұл шешім минималды еңбекақыны есептеу тәртібін халықаралық тәжірибеге сай жаңартуды көздейді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құжатқа сәйкес, минималды жалақыны бекіту кезінде экономикалық жағдаймен қатар, қызметкерлердің өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік қажеттіліктері ескеріледі. Үкімет бұл процесте жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерін міндетті түрде қатыстырады. Белгіленген ең төменгі жалақы заңмен қорғалады және оны бұзу жауапкершілікке әкеледі.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті заң жобасын талқылау барысында, конвенцияны ратификациялау мемлекеттің қаржылық тұрақтылығына әсер етпейді деп мәлімдеді. Бұл қадам Қазақстанның еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділдік саласындағы халықаралық беделін нығайтуға бағытталған.