Астанада клиника дәрігері мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп 6 науқасты алдап, 4 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, дәрігер қызметін жұмыс орнында ұсынғанымен, мұндай көмек көрсетуге заңды құқығы болмаған. Ол азаматтардан ақша алып, уәде еткен ісін орындамапты.
Жиналған қаражатты күдікті жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот оның кінәсін дәлелдеп, заңға сәйкес жаза тағайындады.