homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Испания Израильге қару сатуды тоқтатты

09.10.2025, 12:16

Испания парламенті Израильге қару-жарақ экспортын тоқтату туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатты 178 депутат қолдап, ел Израильге әскери мақсаттағы әуе отынын жеткізуге де тыйым салды.

Бұл шешім Израильдің Газадағы әскери іс-қимылдарына жауап ретінде қабылданды. Бұған дейін премьер-министр Педро Санчес Израильдің қару тиеген кемелері мен әскери ұшақтарына Испания порттары мен әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салуды бұйырған еді.

Сонымен қатар Испания үкіметі израильдік қорғаныс компаниясымен жасалған 700 миллион еуро көлеміндегі келісімшарттың күшін жойды.