Павлодар облысы Солнечный кенті маңындағы шаруа қожалығында болған өрттен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бір адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:34-те басталып, жалпы 930 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар 8 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.