homepage
Фото: Instagram

Қазақстандық әйел ғарыштан оралды

09.10.2025, 11:13

Қазақстандық Дана Қарагусова Blue Origin компаниясының  New Shepard кемесімен ғарыш сапарынан жерге оралды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл ұшу оны Қазақстан мен ТМД аумағындағы алғашқы ғарыш туристі етті.

Сапар барысында Қарагусова мен оның әріптестері — Джефф Элджин, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман және Виталий Островский — бірнеше минут салмақсыздық күйін бастан өткерді. Кеме Батыс Техастағы алаңнан ұшып, сол жерге қайта қонды.