Мысырда Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтату жөніндегі келісімнің алғашқы кезеңіне қол қойылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жоспар бойынша Газа секторында соғыс қимылдары тоқтап, гуманитарлық көмек жеткізіледі.
АҚШ президенті Дональд Трамп келісімді ресми түрде жариялап, кепілдегі адамдардың босатылатынын және Израиль әскері Газа аумағынан кезең-кезеңімен шығарылатынын мәлімдеді.
ХАМАС пен Израиль де уағдаластықты растады. Аймақтағы тұрғындар бұл оқиғаны бейбітшілікке жасалған тарихи қадам деп бағалап отыр.