homepage

«Қаңтар» оқиғасысы кезінде өзгені азаптаған полиция қызметкері сотталды

Juzmedia. kz
13.11.2024, 16:44

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде Қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ КІМДІ АЗАПТАҒАН?

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

«Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді», - делінген қалалық прокуратураның баспасөз хабарламасында.

ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ?

Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

«Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.