Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» төрағасы Алексей Миллер жаңа магистральды газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Келісім Қазақстан мен Ресей аумағын жалғайтын жаңа газ желісін іске асыруды көздейді. Сонымен қатар Карачаганак кен орнынан шығарылатын газды Ресейдің Орынбор зауытында өңдеу мүмкіндігі қарастырылды.
Жоба екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті күшейтіп, Қазақстанның ішкі газ сұранысын қамтамасыз етуге бағытталды.