Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді бейбітшілікке жасалған маңызды қадам деп бағалады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекет басшысы бұл келісім Газадағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тоқаев сонымен қатар бітімге қол жеткізуге атсалысқан Египет, Катар, Түркия және АҚШ-тың арағайындық рөлін жоғары бағалады.
Бұған дейін Израиль мен ХАМАС келісімге келіп, атысты уақытша тоқтатуға және кепілдегі адамдарды босатуға уағдаласқаны хабарланды.