Португалиялық футболшы Криштиану Роналдуның жалпы байлығы 1,4 миллиард АҚШ долларынан асты. Осылайша ол тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Байлығы бойынша екінші орында аргентиналық Лионель Месси ($650 млн), ал үшінші орында бразилиялық Неймар ($550 млн) тұр.
Криштиану Роналду тек табысымен емес, спорттағы жетістігімен де рекорд орнатқан. Ол футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы саналады, Instagram желісінде ең көп жазылушысы бар адам және «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» пен «Аль-Наср» клубтарында ойнап, барлық басты трофейлерді иеленген санаулы спортшылардың бірі.