homepage
Фото: 24KZ

Вьетнамда «Матмо» тайфунынан сегіз адам қаза тапты

08.10.2025, 15:20

Вьетнамда «Матмо» тайфуны салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы бес адам жарақат алды. Табиғи апат елдің оңтүстік және орталық өңірлерінде толассыз жаңбыр мен су тасқынын тудырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 15 мыңнан астам үй су астында қалды, оның ішінде 400-ден астамы қатты зақымданған. Сондай-ақ 14,6 мың гектарға жуық егістік алқабы суға кетті.

Тасқын салдарынан 97 мыңнан астам мал мен құс қырылып немесе ағын суға ағып кеткен. Құтқару қызметтері мен жергілікті билік тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай режимін енгізді.