Мәжіліс депутаттары жаңа Құрылыс кодексі жобасының екінші оқылымында құрылыс компанияларына тұрғын үйлерге кемінде бес жыл кепілдік беруді міндеттейтін түзетулерді мақұлдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, мердігер компаниялар ғимараттың жалпы сапасына бес жыл, ал конструкциясы, шатыры мен қасбет бөлігіне он жылға дейін кепілдік беруге тиіс. Бұл норма құрылыс материалдарының сапасын арттыруға және жауапты компаниялардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Құжатты Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ұсынған. Дегенмен кейбір депутаттар жобада құрылыс саласы өкілдерінің мүддесін қорғайтын баптар бар екенін айтып, сын пікір білдірді.