Пәкістанның солтүстік-батысындағы Куррам аймағында исламистік содырлар ұйымдастырған шабуыл салдарынан 11 әскери қызметші мерт болды деп хабарлайды Juzmedia.kz. Reuters-ке сілтеме жасап
Ақпарат көздерінің мәліметінше, оқиға Ауғанстан шекарасына жақын маңда болған. Содырлар жол жанына жарылғыш зат қойып, артынан әскери колоннаға қарулы шабуыл жасаған. Құрбандардың арасында екі офицер мен тоғыз сарбаз бар.
Пәкістан армиясы шабуылдан кейін қарсы операция жүргізіп, 19 содырдың көзін жойғанын мәлімдеді. Шабуылды «Техрик-е-Талибан Пәкістан» ұйымы өз мойнына алды. Бұл оқиға елде соңғы айларда жиілеген экстремистік әрекеттердің қауіпін тағы да айқын көрсетті.