Көкшетауда 22 жастағы жігіт некеге тұрған күні кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Sinegor.kz Instagram-парақшасында жазылғандай, қайғылы оқиға қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Белгілі болғандай, отау құрып, қуанышын тойлауға барған жігіт әлдекімдермен сөзге келіп, төбелес басталған. Жанжал барысында оған бірнеше пышақ жарақаты салынған.
Дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ МА?
Ақмола облысының полиция департаменті бұл іске қатысты барлық күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Қылмыс басқарманың тікелей бақылауына алынған.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер дереу қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сондай-ақ жанжалға қатысқан барлық 6 адам ұсталып, олардың әрқайсына қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекен.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.