ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМІ
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды" делінген Президент жарлығында.
БОТАҚАНОВТЫҢ ОРНЫНА КІМ КЕЛДІ
Еркін Ботақановтың орнына Аңсаған Балтабеков тағайындалды. Ол 2022 жылдың 18 мамырынан 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. Қаңтар айында Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
Ал Еркін Ботақановтың қызметінен не себепті кеткені әзірге белгісіз.