homepage
Фото: Air Astana

Питер Фостер Air Astana бас директоры қызметінен кетеді

08.10.2025, 12:08

Air Astana компаниясының бас директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурызында қызметінен кетеді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Фостер Air Astana-ны 2005 жылдан бері басқарып келеді. Ол қызметінен кеткен соң да компаниямен байланысын үзбей, директорлар кеңесіне кеңесші ретінде қатысады. Директорлар кеңесі Фостерге 20 жылға жуық басқарушылық тәжірибесі мен әуе компаниясын өңірдегі жетекші тасымалдаушылардың біріне айналдырудағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Компанияның жаңа басшысы болып қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалатыны хабарланды. Ол Air Astana құрылғалы бері түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарып келеді және 2017 жылдан бастап қаржы директоры қызметін атқарған. Қазір Air Astana мен FlyArystan флотында 61 ұшақ бар.
 

Теги: