homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Германияда зейнет жасын 73-ке дейін ұзартуы мүмкін

08.10.2025, 11:43

Германияның Экономика министрлігі жанындағы кеңес елдегі зейнетақы жүйесі дағдарыс алдында тұрғанын мәлімдеді. Кеңес мүшелері бұл жағдайды болдырмау үшін зейнет жасын өмір сүру ұзақтығына қарай өзгерту қажет деп есептейді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 24KZ-ке сілтеме жасап.

Егер шара қолданылмаса, 2050 жылға қарай зейнетақы төлемдеріне бюджеттен бөлінетін қаржы 100 миллиардтан 164 миллиард еуроға дейін артуы мүмкін. Сондықтан кеңес мүшелері Германияда зейнет жасын 73-ке дейін ұзартуды ұсынып отыр.

Қазір Германия – Еуропадағы ең қарт елдердің бірі. Зейнеткерлер саны еңбекке қабілетті халықтан асып түскен. Зейнетақы қорына түсетін жарна жеткіліксіз, ал 2035 жылға қарай жыл сайын 1 миллион адам зейнетке шығатын болжам бар. Сарапшылардың айтуынша, мәселені шешудің жалғыз жолы – зейнет жасын ұлғайтып, жарналарды көбейту.