homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Педофилдерге химиялық кастрация босатылуға алты ай қалғанда жасалады

08.10.2025, 11:06

Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарға химиялық кастрация босатылуға алты ай қалғанда қолданылатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жаңа тәртіпте көрсетілген, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Құжатқа сәйкес, жазасын өтеушіге қатысты сот-психиатриялық сараптама түрмеден шығуға бір жыл қалғанда жүргізіледі. Оның қорытындысына қарай сот шешімімен химиялық кастрация рәсімі тағайындалады.

Бұл шара психикалық ауытқуы бар адамдарға қолданылмайды — ондай сотталғандарға өзге мәжбүрлі емдеу түрлері қарастырылған. Министрлік бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.