homepage
Фото: gov.kz

Маңғыстаулық педагог ірімшіктен ерекше балмұздақ жасады

08.10.2025, 10:35

Ақтауда өтіп жатқан TurkicSkills-2025 чемпионаты мен «Caspian» халықаралық фестивалі аясында Маңғыстау туризм колледжінің өндірістік оқу шебері Нұрай Еламан ерекше тағам — ірімшік негізінде жасалған балмұздақ ұсынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Авторлық балмұздақ ұлттық дәм мен заманауи аспаздық технологияны ұштастырған ерекше өнім ретінде көрме қатысушыларының жоғары бағасына ие болды. Шарада сонымен қатар шұбаттан жасалған коктейльдер, жантақ шай, талқаннан дайындалған макарон, құрт пен шоколад үйлесімі, түйе сүтінен балмұздақ және жент қосылған тәттілер де таныстырылды.

TurkicSkills-2025 чемпионатын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараны «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Маңғыстау облысы әкімдігі жүзеге асыруда. Чемпионатқа Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 16–22 жас аралығындағы студенттер мен жас мамандар қатысып жатыр.