homepage
Фото: gov.kz

ШҚО-да әкім ауыл тұрғындарына боқтап сөйлегені үшін сынға ұшырады

08.10.2025, 10:13

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан тұрғындармен дауласып, боқтап сөйлеген сәті әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Видео кадрларында тұрғындар әкімнен жол мен ауызсу мәселесін шешуді талап етіп тұрғаны көрінеді. Сол кезде әкім ашуға беріліп, тұрғындарға балағат сөз айтқан. Айқай-шу полиция қызметкерлерінің көзінше болған.

Қазір оқиға бойынша ресми түсініктеме берілген жоқ. Облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары жағдайды тексеріп жатқаны хабарланды.
 

Теги: