Алматыда қайтыс болған 22 жастағы КИМЭП түлегі Ақнар Гүлстанның өліміне қатысты іс Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақнар Гүлстан 2024 жылдың мамырында көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмған. Бастапқыда істі полиция тергеген, кейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауына берілді. Енді іс Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарауына өтті. Ведомство тергеудің нақты қандай бап бойынша жүріп жатқанын әзірге жариялаған жоқ.
Марқұмның анасы Камит Гүлстан қызының өздігінен құлағанына сенбейді. Оның айтуынша, денесінде соққы мен зорлық белгілері болған. Қыздың қасында болған екі танысы — Рана мен Дидар — куәгер ретінде сұралған. Ал Дидардың адвокаты оның оқиға кезінде бөлмеде болмағанын айтады.
Қазір істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, ал Ақнардың отбасы оқиғаның толық ашылуын және кінәлілердің жазалануы талап етіп отыр.