homepage
фото: ашық дереккөзден

Трамп: Украинадағы соғысты шешу ойлағанымнан қиын екен

08.10.2025, 09:03

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу бастапқыда өзіне жеңіл көрінгенін, бірақ шын мәнінде бұл күтпегендей күрделі мәселе болғанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

«Мен мұны оңай реттей аламын деп ойладым... Бірақ бұл Таяу Шығыстағы жағдайдан да қиын болып шықты», — деді Трамп Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесу кезінде.

Ол сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қатынаста болғанын, алайда қазір одан көңілі қалғанын атап өтті. Бұған дейін Трамп өз президенттігі кезінде жеті соғысты тоқтатқанын және бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына бірнеше рет ұсынылғанын айтқан еді.

Бұған дейін америкалық БАҚ Трамп Ресеймен келіссөз жүргізуден нақты нәтиже байқалмаса, бұл бастамадан бас тартуы мүмкін екенін жазған. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сол кезде шешім бірнеше күн ішінде қабылдануы тиіс екенін мәлімдеген.