homepage
Фото: CNA

Трамп Нобелдің бейбітшілік сыйлығына лайық па?

07.10.2025, 17:53

Тайвань президенті Лай Цин-дэ қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды Тайваньға қарсы күш қолданудан бас тартуға көндіре алса, Нобелдің бейбітшілік сыйлығына лайық болар еді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Бұл пікірін Лай Цин-дэ америкалық радио жүргізуші Бак Секстонға берген сұхбатында айтты. Әңгіме жазбасы Тайвань Президент әкімшілігінің сайтында жарияланды. Оның айтуынша, егер Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинді Тайваньға әскери әрекет жасамауға көндірсе, бұл бейбітшілікке үлкен үлес болмақ.

Президент сонымен бірге Си Цзиньпиннің Тайвань бұғазында әскери жаттығуларды жиілетіп, Оңтүстік және Шығыс Қытай теңіздеріндегі ықпалын кеңейтіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, Қытайдың күшеюі тек Тайваньға емес, жалпы аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Айта кетейік, 2025 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығының иегері жұма күні жарияланады.