Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Бейбіт диалогқа Египет пен Қатар араағайындық етуде. Тараптар тұтқындарды алмастыру, гуманитарлық көмек жолдарын ашу және ұзақмерзімді бітім орнату мәселелерін талқылап жатыр. Келіссөздер 7 қазан шабуылдарының екінші жылдығына тұспа-тұс келді. 2023 жылғы қақтығыста 1200 адам қаза тауып, 251 адам тұтқынға алынған еді. Қазір Израиль мен ХАМАС арасында 48 израильдік пен 1700 палестиналық тұтқынды алмастыру жайы қарастырылуда.
Шетелдік басылымдар келіссөздердің алғашқы кезеңі «оң атмосферада» өткенін хабарлады. Дегенмен, тараптардың талаптары әлі де алшақ болғандықтан, нақты келісімге келу мерзімі белгісіз.