homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жарты жылда Қазақстанға 7,5 миллион турист келді

07.10.2025, 16:37

Биылғы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға шетелден 7,5 миллион турист келген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Келушілердің көбі Алматының таулы өңірлері мен Бурабай курорттық аймағын таңдаған.

Бұл дерек Астанада өткен «Kazakhstan Travel» форумында жарияланды. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен туристік агенттіктер өкілдері қатысып, жаңа бағыттар ашу, инфрақұрылымды жетілдіру және тарихи қалаларды туристер үшін тартымды ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен саяхатшыларға арналған онлайн бағдарламаларды дамыту жолдары қарастырылды.

Туроператор Ерәлі Тілеуовтың айтуынша, басты міндет – ішкі туризм мен шетелдік қонақтарға қызмет сапасын арттыру.
«Сырттан келетін әр турист үшін біз мемлекеттен арнайы субсидия аламыз. Бұл қаражат жарнама мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жұмсалады», – деді ол.