homepage
Фото: Ашық дереккөзден

ChatGPT-ке қауіпті сұрақ қойған 13 жастағы оқушының басы бәлеге қалды

07.10.2025, 16:18

 

Флорида штатында полиция 13 жастағы оқушыны сабақ кезінде ChatGPT-ден “досымнан қалай құтылуға болады?” деп сұрағаннан кейін тұтқындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Мектеп директорының көмекшісі бұл хабарламаны байқап, дереу полицияға хабар берген. Тексеріс барысында бала “бұл тек әзіл болғанын” және сыныптас досын “қыздырып көрмек болғанын” айтқан.

Дегенмен, шериф кеңсесі мұндай “әзілдердің” де қауіп төндіретінін және салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

ChatGPT қызметінде жақында ата-аналар бақылауы функциясы енгізілетіні хабарланған.
 

Теги: